Маңғыстауда күдіктіні ЖИ арқылы анықтау жүйесі іске қосылды
Маңғыстауда полиция департаментінің жедел басқару ортағында жасанды интеллект арқылы қылмыскерлерді немесе борышкерлерді анықтайтын жүйе іске қосылды.
«Таргетай» платформасы – бейнеаналитика,
яғни көптеген камералардан түсетін видео түсірілімді жинап, оны автоматты түрде
талдайды. Іздеудегі адамның бет-әлпетін таниды. Жүйе іске қосылғалы 500 ден
астам күдік тудыратын жағдай тіркелген. 14 қылмыскер ұсталды. Қазіргі облыс
бойынша 15 мың камера осы платформаға қосылды. Одан бөлек мектептер мен
мемлекеттік мекемелердің бейнебақылау жүйесі де жедел басқару орталығына
қосылып жатыр.
Серік Әшірбеков, облыстық ПД
бастығының орынбасары:
Бұл бірінші кезекте анықталған тұлғаны телеграм чатқа жібереді. Жедел басқару орталығына келіп сигнал түседі. Содан кейін осы жедел түскеннің арқасында біз группа захвата дейді бірінші нарядты жіберіп, сол адамды ұстау нелерін ұйымдастырамыз. Соның арқасында бұл жедел болғандықтан, ол адам ізін суытпай сол жерде ұсталуы қамтамасыз етіледі.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04