АҚШ-та бораннан миллионға жуық адам жарықсыз қалды
АҚШ-тың 24 штатында боранға байланысты төтенше жағдай жарияланды. Миллионға жуық тұрғын электр қуатынсыз қалған. Елдің шығыс бөлігінде көлік қатынасы үзілді. Жексенбіде 10 мыңнан астам ұшақ рейсі доғарылған. Қар күні-түні жауып, содан кейін күн суытып, қар аралас жаңбыр жауды. Жел екпіні де күшейді. Мұндай ауа-райы апта бойы сақталуы мүмкін. Бұл күндері тұрғындар үйден шықпауға дайындалып жатыр. Демалыс күндері азық-түлік дүкендерінің сөрелері босап қалған. Боран салдарымен күреске мыңдаған маман, 2 мыңнан астам қар тазалайтын машина шықты. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты мемлекеттік қызметкерлердің кейбірі қашықтан жұмыс істеуге көшті.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04