Қазақстанда жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар тексеріледі
Қазақстанда жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар тексерілетін болды. Бұл туралы Қазақпарат агенттігі хабарлады. Қорғаныс министрлігі әскери дайындықтың сапасы мен оқу жағдайына жүйелі мониторинг енгізді. Бұған дейін офицерлер мен запастағы сержанттарды даярлау сапасын бағалайтын бірыңғай тетік болмаған. Тексеру барысында оқу үдерісі, материалдық-техникалық база және кадрлық құрамның талаптарға сәйкестігі қаралады. Қазір елдегі 40 әскери кафедраның сегізі қару-жарақпен толық қамтылмаған. Анықталған кемшіліктерді жоюға уақыт беріледі. Ал талап орындалмаса, кафедра жабылуы мүмкін.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04
Жаңа стадион, автовокзал мен теміржол вокзалы салынып жатыр
24.11.2026, 20:04