Тауар өндірушілерге арналған реестр іске қосылады
Елде 1 қаңтардан бастап отандық тауар өндірушілер реестрі жұмыс істейді. Енді мемлекеттік қолдау тек осы тізімдегі кәсіпкерлерге көрсетіледі. Мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін де жүйеге тіркелу шарт. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі айтты. Реестрге e-ondiris сайты арқылы кіруге болады. Онда өндіріс орныңыздың бар екені туралы құжатты тіркесеңіз жеткілікті. Қалған деректерді жүйе базадан алып, автоматты түрде жүктейді. Тізімге енген кәсіпкерлерді құзырлы органдар оқтын-оқтын тексеріп, мониторинг жүргізіп отырады. Осылайша, мемлекеттік көмек шынында өндіріс орны бар кәсіпкерлерге ғана көрсетіледі.
Автор
Жанел Өтеулі
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04