Сирияда үкімет әскері мен күрд жасақтары қақтығысты
Сирияның Алеппо қаласында орталық үкімет әскері мен күрд қарулы жасақтары қақтығысты. Наурызда қол қойылған келісімге сәйкес, соңғылары жыл аяқталғанша мемлекет армиясына қосылуға тиіс еді. Алайда мәміле орындалмаған. Соңғы мәліметке қарағанда, атыс кезінде 3 адам қаза тауып, 25-і жараланды. Мерт болғандардың барлығы – бейбіт тұрғындар. Дүйсенбі күні Сирия қорғаныс министрлігі мен күрдтердің қолбасшылары мәлімдегендей, тараптарға атысты тоқтату туралы бұйрық берілген. Қазір екі жақ шабуылды бірінші бастады деп бір-бірін айыптап отыр.
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04