«Qazaqstan» телеарнасының мерекелік тартуы
Ертеңгі Тәуелсіздік күніне орай «Qazaqstan» телеарнасының көрерменге ұсынар тартуы көп. Күндізгі 13:15-те «Еркіндік лебі» арнайы жобасында егемендік әкелген өзгерістер сараланады. Белгілі жазушылар мен суретшілер, әлеуметтанушылар пайымды пікір білдіреді. Ал сағат 13:40-та ұлттық өнер жанкүйерлеріне ақындар айтысы ұсынылады. «Адамзаттың бәрін сүй» атты сөз жарысында елімізге белгілі ақындар сайысқа түседі. Сонымен қатар «Ақпарат» пен ток-шоулар да тікелей эфирде хабар таратады. Ал күннің басты көрсетілімі кешкі 22:20-да. Әнші Димаш Құдайбергеннің «Stranger» концерті талғамы биік өнерсүйер қауымды қуантпақ.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10