Ұлттық комиссия кәсіпкер әйелдерді қолдау шараларын күшейтеді
Елдегі шағын және орта бизнестің тең жартысын дерлік әйелдер басқарады. Бұл туралы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында айтылды. Премьер-министрдің орынбасары-Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен жиында әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту жайы қаралды. Осы бағытта цифрлық технологиялар, әлеуметтік желіні пайдалану, шеберлік-сыныптарды ұйымдастырудың маңызы сөз болды. Әсіресе ауыл-аймақтарда ІТ, инженерия, цифрлық сервистер бойынша сабақ өткізу ұсынылды. Отырыс барысында комиссия төрағасы Аида Балаева орталық және жергілікті атқарушы органдарға айтылған ұсыныстарды ескере отырып, тиісті тапсырмаларды сапалы орындауды жүктеді.
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04