Сауалнама: 16 желтоқсан
1991 жылы 16 желтоқсан күні халқымыз мемлекеттік егемендігін жариялап, жаңа тарихи кезеңге қадам басқан еді. Тәуелсіздік – елдің еркіндігі мен бірлігінің басты нышаны. Азаттық – ата-бабаның ақ арманы, бүгінгі ұрпақтың аманаты. Бұл күннің маңызы туралы халық пікірін тыңдайық.
- Тәуелсіздік деген қасиетті мерекені жүрегі қазақ деп соққан әрбір жан ұлықтауы керек. Ұрпағы ұмытпауы керек деп санаймын. Бұл – тек қана науқандық шара, әнұран қосып ашық сабақ күйінде ғана қалып қоймай, жыл 12 ай тойлануы керек.- Тәуелсіздік бұл бір күндік мереке емес. Мен үшін өте қастерлі мереке. Ата-бабамыз аңсап кеткен мереке. Біз бейбіт күннің астында тұрғанымызға қуануымыз керек және қадіріне жете білуіміз керек.- Тәуелсіздік күні дегеніміз, мемлекет өз тағдырын өз қолына алу дегенді білдіреді. Өйткені халық өз мемлекетін өзі басқаруға, заңды қабылдауға немесе экономика, мәдениет салаларын дамытуға толық құқығы бар. Қысқаша айтқанда ол еркіндік, мақтаныш және болашаққа сенім.
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04