Қазақстанның Еуроодақ елдерімен тауар айналымы 33 млрд доллардан асты
Қазақстанның Еуроодақ елдерімен тауар айналымы 33 миллиард доллардан асты. Бұл биылғы 9 айдағы көрсеткіш. Бұл бағытта ел Үкіметі іскерлік-әріптестік байланысты нығайта бермек.
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Қазақстан-Еуроодақ» диалогтік платформасының 18-отырысы өтті. Алқалы жиынға кәрі құрлық мемлекеттерінің бизнес қоғамдастығының өкілдері, дипломатиялық және сауда-өнеркәсіп палаталарының басшылары қатысты. Жалпы бүгінде Қазақстанда 4 мыңнан астам еуропалық қаржы көздерінен 4 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Үкімет басшысы елімізде ұзақмерзімді инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырып, инвесторларға экономикалық қолайлы жағдай жасалатынын жеткізді.
Автор
Әділбек Серікұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04