Республикалық маңызды автожолдарда қозғалыс шектелді
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. «ҚазАвтоЖол» компаниясының хабарлауынша, Шығыс Қазақстанда қысқы кезең аяқталғанға дейін тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін Осинов асуында уақытша шектеу енгізілді. Түркістан облысында А-15 автожолының 175–183 шақырымы аралығында 10 қарашаға дейін қозғалыс тоқтатылды. Сондай-ақ Ақмола облысында «Астана – Көкшетау» айналма жолы, Петропавл – Ресей шекарасында жылдамдық шегі 110-нан 80 км/сағ дейін төмендетілді. Күн райы тұрақталғаннан кейін әдеттегі жылдамдық режимі қалпына келтіріледі.
Автор
Ақниет Балтанова
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04