Ақтөбе облысындағы жол апатына байланысты Үкіметтік комиссия мүшелеріне нақты тапсырмалар берілді
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтөбе облысында болған жол-көлік апатының себеп-салдарын анықтау үшін құрылған Үкіметтік комиссия мүшелеріне нақты тапсырмалар берді. Зардап шеккен алты адам Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. Олардың екеуінің жағдайы ауыр, төртеуі – орташа. Денсаулық сақтау министрлігіне оларды санавиациямен Астанаға жеткізуді тапсырды. Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен облыс әкімдігіне қаза тапқандардың отбасыларына материалдық және психологиялық көмек көрсетуді міндеттеді. Кеше таңертең «Самара-Шымкент» тасжолында жүк көлігі «Газель» жолаушылар көлігімен соғылып, 12 адам қаза тапты.
Автор
Ернұр Медет
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04