Қазақстан – Әзербайжан форумы: 16 меморандумға қол қойылды
Қазақстан мен Әзербайжан бизнес форумы аясында 16 меморандумға қол қойылды. Қос тарап негізінен цифрлық интеграция және IT саласындағы серіктестікті дамытпақ. Себебі Қазақстан бүгінде Орталық Азиядағы IT қызмет экспортында көшбасшылардың бірі. Astana Hub технопаркі мен Alem.AI жасанды интеллект кластері елдің цифрлық экожүйесін дамытып отыр. Форумда екі ел биометрия, жасанды интеллект және электронды сауда салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін білдірді.
Жалпы, екі ел экономикалық байланысты жаңа деңгейге көтермек. Былтыр арадағы тауар айналымы 534 млн долларға жеткен. Жиын соңында тараптар өзара сауданы арттыруға, инвестицияны көбейтуге және транскаспий бағытындағы ынтымақтастықты күшейтуге уағдаласты.
Автор
Ернұр Медет
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04