Қазақстанда тараған резонансты видео көрші елде түсірілгені анықталды
Интернеттің қазақстандық сегментіндегі әлеуметтік желілерде мектеп оқушысының сыныптасын ұрып жатқан видеосы таралды. Жазба авторы: «Бұл Қазақстанның қай мектебінде болған жағдай?», - деп әдейі сұрақ қойып, деструктивті дискурсқа тартқан. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бұл жағдай Қазақстанда болмағанын хабарлайды. Түпнұсқаны зерделеу кезінде сынып бөлмесінде Қырғыз Республикасының мемлекеттік елтаңбасы ілінгені анықталды. Оқиға көрші елде 24 қыркүйек күні болған. Ал видеоны таратып, әдейі манипуляция әдісін қолданғаны үшін жазба авторы жазаланбақ.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04