Еуропада 38 мың гектар орман өртенді
Еуропаның оңтүстігіндегі елдерде жиырма жылдағы ең алапат орман өрті дес бермей жатыр. Португалияда лапылдаған жалынды сөндіру мүмкін емес. Ал Испанияда бірнеше өрт ошағы тіркелген. Тілсіз жау елдің Галисия, Эстремадура және Кастилия-Леон өңірлерін шарпыды. Дүйсенбіден бері 38 мың гектардан астам алқап өртенген. Осыған байланысты темір жол қатынасы тоқтап, автокөлік жолдарында да шектеу қойылды. Өрттің күшеюіне аптап ыстық себеп. Ауа райы болжамдарына қарағанда алдағы күндері ауа температурасы төмендеп, ылғал мөлшері жоғарылауы мүмкін.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04