Маңғыстаудың Мұнайлы ауданында 150 орындық аурухана ашылды
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында 150 орындық аурухана пайдалануға берілді.
Жоба денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту және кеңейту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында салынған. Көлемі 30 мың шаршы метр заманауи ғимарат қажетті медициналық жабдықтармен толықтай қамтылған. Ауруханада стационарлық терапия, хирургия, педиатрия, босану бөлімі, анестезиология және реанимация, қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту бөлімшелері жұмыс істейді.
Ақмарал Әлназарова, Денсаулық сақтау министрі:
Аудандық аурухананың мәселесі бірнеше жылдан бері көтеріліп жүрген болатын. Президенттің тікелей тапсырмасы аясында тиісті қаражаттары бөлініп, мекеменің барлық халықаралық стандартқа сай үлкен аурухана болып ашылып жатыр. Осы аурухана халық үшін қызмет жасайды деп уәде бергім келіп, әріптестерімді соған шақырамын.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04