Тұрғын үйлерді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру жүйесі енгізілуі мүмкін
Қазақстанда тұрғын үйді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру жүйесі енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады. Бүгінде агенттік Үкіметпен бірлесіп арнайы заң жобасын әзірлеп жатыр. Құжат Парламенттің қарауына жыл соңына дейін ұсынылмақ. Мұндай міндетті сақтандыру жүйесі көптеген елде бар. Жоба аясында мемлекеттік қолдау қорын құру көзделіп отыр. Қордың қаражаты апат кезінде халыққа алғашқы қаржылай көмек көрсетуге бағытталады. Ал сақтандыру құнының қанша болатыны және оның ерікті немесе міндетті болатындығы заңда жазылады.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04