Түркістан облысында 28 полиция қызметкері тәртіптік жазаға тартылды
Түркістан облысында 28 полиция қызметкері майнинг ферманың жабдықтары жоғалып кетуіне байланысты тәртіптік жазаға тартылды. Еліміздің ІІМ тарапынан кезекті тексеру жүргізу барысында құны 400 млн теңге тұратын құрал-жабдықтардың қолды болып кеткені анықталған. Оның қорытындысы бойынша түрлі қызметтік тәртіпті бұзғаны және жұмыстағы кемшіліктері үшін қатардағы тергеушілерден бастап, жоғары шенді офицерлерге де тәртіптік шара көрілген. Мәселен, Түлкібас аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы қызметінен босату туралы өтініш түсірсе, облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасарлары мен түрлі бөлім басшыларына қатаң сөгіс берілген. Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бірқатар қызметкері жұмыстан босатылған.
Ғани Қалмахан
Автор
Ғани Қалмахан
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10