Испания мен Португалияда жаппай электр жарығы өшті
Испания мен Португалияда жаппай электр жарығы өшті. Екі елде де темір жол мен автокөлік қатынасы қиындады. Метрода қозғалыс тоқтады. Бағдаршамдар жұмыс істемей тұр. Кәсіпорындар, сауда орталықтары, дүкендер мен мейрамханалар да жарықсыз қалған. Испания үкіметі шұғыл жиналды. Ал Португалияда жағдайды бақылауға алу үшін жұмыс тобы құрылды. Электр желілерінің операторлары электр қуатын қайта қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатыр. Euronews таратқан ақпаратқа сай, екі елдегі апатқа Франциядағы жоғары вольтты электр желісінің өрт кезінде зақымдалуы әсер еткен болуы мүмкін.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04