Израильдің шабуылынан Газада 2 аптада 322 бала қаза тапты
Газа секторында Израильдің шабуылынан соңғы екі аптада 322 бала қаза тапқан. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы хабарлады. Дерекке сай, осы уақыт ішінде 609 бала жараланған. Израиль Газаға наурыздың 18-де қайта соққы беруге кірісті. Израильдің мәлімдеуінше, бұған «Хамас» қозғалысының АҚШ-тың ұсынысы бойынша ымыраны жалғастыруға келіспеуі және кепілдіктегі 59 адамды босатпауы себеп. Алайда, хамастықтар тағылған кінәні жоққа шығарып отыр. Израиль армиясы Газаны 18 ай бұрын бомбалай бастап, онда жаяу әскер операцияларын жүргізді. Одан 50 мыңнан астам палестиналық мерт болды. Сол құрбандардың 15 мыңы – балалар.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04