«Таза Қазақстан»: Петропавлда жас ұрпақ пен аға буын өкілдері зияткерлік ойында сынға түсті
Петропавл қаласында жас ұрпақ пен аға буын өкілдері зияткерлік ойында сынға түсті. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған шараға 50 студент пен зейнеткер қатысты. Олар табиғатты қорғау тақырыбында қойылған сауалдарға жауап беріп, өзара мықтыны анықтады. «Эко IQ: «Таза Қазақстан» зияткерлік ойынының басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, дейді ұйымдастырушылар. Облыста «Таза Қазақстан» акциясы аясында 3 мыңға жуық экологиялық іс-шара ұйымдастырылып, 150 мыңнан аса адам қатысты.
Зейнеп Тәнібаева, Қызылжар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Ұрпақ сабақтастығы деген өте жақсы үрдіс. Табиғатты қорғау мәселесі бұл ардагерлердің де, жас ұрпақтың да өзекті мәселесі. Жалпы қоғамның өзекті мәселесі. Жасымыздың ұлғайғанына қарамастан осы ойынға келіп отырмыз.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04