Атырау облысында мал ұрлаған жігіт 7 жылға сотталды
Атырау облысында мал ұрлаған жігіт 7 жылға сотталды. Жедел іздестіру нәтижесінде Құлсары қаласының 25 жастағы тұрғыны қолға түсті. Ол 3 айда 14 мәрте ұрлық жасап, 34 ірі қараны қолды қылған.
Осылайша мал иелеріне 5 млн теңге шығын келтірген. Ірі қараны сату үшін әлеуметтік желіге хабарландыру жариялап отырған. Оны сатып алған тұрғындар да анықталды.
Бауыржан Оңдасын, ПД КПБ аға жедел уәкілі:
Жедел іздестіру шаралары кезінде ұялы телефондарынан ұрланған малдың фотосуреттері және малды сатып алған Құлсары қаласының тұрғынынан заттай дәлелдемелер алынды. Қылмыстық кодекстің 188-1 3 бабымен мал ұрлау фактісі бойынша іс сотқа жолданды.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10