Адам бопсалаған белгілі блогер ұсталды
Алматыда белгілі блогер бопсалау күдігімен ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. 37 жастағы ер азамат жәбірленушіні әлеуметтік желіге видео жариялаймын деп қорқытып, 700 мың теңге сұраған. Полиция қызметкерлері кешке күдіктіні ақшаны алып жатқан жерінен ұстады. Ер азаматтың қасында көлікте тағы екі адам болған. Полиция олардың қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Қазір блогер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04