Талдықорғанда есірткі саудасымен жастар күресе бастады
Жетісу облысында жыл басынан бері есірткі бизнесін жарнамалайтын 50-ден астам интернет сайт пен телеграм арналар жойылды. Нашақорлықты насихаттаған 5 адамға қылмыстық іс қозғалды. 2 нарколаборотория анықталып, есірткі сатқан 20-дан астам адам бас бостандығынан айрылды.
«Біз есірткіге қарсымыз» деген ұранмен жетісулық жастар облыс орталығында қараусыз қалған ғимарат қабырғаларындағы есірткіні жарнамалайтын жазбаларды өшіріп, полиция қызметкерлерімен рейдтік шараларға қатысты.
Ержан Дәулетов, Жетісу жастары конгресінің үйлестірушісі:
Графитиларды өшіру, есірткіні жарнамалаудың алдын алу бойынша толыққанды жұмыс атқарамыз және де жастармен кездесу форматында 70-тен астам іс шаралар өткізген болатынбыз. Осы жылды 15 мың жаспен сауалнама жүргізу арқылы статистиканы жаңарту арқылы жылды қорытындылайтын боламыз.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04