«Моана 2» анимациялық фильмі қазақ тілінде көрсетілді
Бүгін Астанада Дисней ұсынған «Моана 2» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесер көрсетілімі ұйымдастырылды. Премьераға дубляж мамандары, қоғам қайраткерлері және депутаттар келді. Тынық мұхиты аралындағы шытырман оқиғаны баяндайтын «Моана 2» фильмін биыл Дисней компаниясы өз қаражатына аударған. Бастамаға «Қазақ тілі» қоғамы ұйытқы болды.
Рауан Кенжеханұлы, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті:
Үлкен-үлкен студиялар бар әлемде. Соның ішінде, Сони, Пиксар секілді. Бұл студиялар өз фильмдерін өз қаражатына әлемнің 30 шақты тілдеріне аударып, таратады. Сондай тілдердің қатарына қазақ тілі де қосылып отыр. Бұған дейін біз фильмдерді өз қаражатымызға, демеушілердің көмегімен аударып жүрдік. Сондықтан бұл бастаманың маңыздылығы біз үшін өте үлкен.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04