Елімізге 4 мыңнан аса дәрігер қажет
Елімізге 4 мыңнан астам дәрігер қажет болса, олардың 200-ге жуығы Жетісу облысында тапшы. Аймаққа іссапармен барған денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова осындай сандарды тілге тиек етті. Жалпы өңірде 60-қа жуық медициналық нысан салынып жатыр. Ведомство басшысы бірқатар емдеу мекемелерінде болып, қызметкерлермен кездесті. Тұрғындарға жеке қабылдау ұйымдастырды. Алдағы уақытта елді-мекендерге білікті мамандар тарту үшін облыста кешенді бағдарлама қабылданып, жас кадрларды ынталандыру мәселесі қарастырылған. Оның ішінде дәрігерлерді ауылда тұрақты қалдыру тетіктері де бар, министр.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Қателеспесем, осы уақытқа дейін Жетісу облысына бүгінде 27 дәрігер алынды. Облыстық бюджеттен 170 млн қаражат бөлінді осы мәселеге. Сонымен қатар, көмек алғаннан кейін міндетті түрде сол жерде 5 жылға дейін жұмыс атқару керек.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04