Елімізде IQanat Олимпиадасы басталды
Елімізде IQanat Олимпиадасы басталды. Оған республика бойынша 170 аудан және ауылдан 56 мың оқушы қатысып жатыр. Сондай жарыс кезеңінің бірі, Ақмола облысы, Аршалы аудан орталығындағы екінші мектепте өтті. Бірінші кезеңде жеңімпаз атанған 10 мыңға жуық бала екінші – облыстық деңгейге өтеді. Финалға жеткен мыңға жуық баланың бір бөлігі Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатына оқуға қабылданады. Екінші бөлігі IQanat олимпиадасынан кейінгі үш жылдық қолдау бағдарламасына тегін қабылданады.
Талғат Жаңабергенұлы, Аршалы ауданы білім басқармасының әдіскері:
Ауданымыздың балалары қызығушылық танытуының арқасында 300 бала қатысып отыр бүгін. Ауданнан 8-сынып оқушылары ғана қатысады. Ауданда 8-сыныпта 580 бала болса соның 300 баласы бүгін аудандық турға қатысып отыр.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04