Алматыда ипотекалық тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталды
Алматы қаласында жастарға арналған ипотекалық тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталды. Оған 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Ол үшін өзінің немесе отбасылы болса, жұбайының меншігінде баспана болмауы тиіс. Сонымен бірге, соңғы 6 айдағы жұмыс өтілі мен зейнетақы аударымдары ескеріледі.
Ипотека 5 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Бастапқы жарна - 10 пайыз. Ал қарыз көлемі 18 млн теңгеге дейін. Ал бағдарламаға қатысу үшін «almaty-zhastary2024.kz» сайтына кіріп, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы өтініш қалдыру керек. Жалпы осы бағдарламамен биыл Алматы қаласында 1200 адам баспаналы болады деп жоспарланып отыр.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04