Түркістанда 7 елдің боксшылары бірге жаттығып жатыр
Жеті елдің боксшылары Түркістанда бас қосты. Қазақстандық былғары қолғап шеберлері Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Куба және Израильдің боксшыларымен тәжірибе алмасып жатыр. Мақсат - Париж Олимпиадасы алдында дайындықты пысықтау. Жиынға Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін чемпиондары барған.
Қамшыбек Қоңқабаев, бокстан қазақстан ұлттық құрамасының капитаны:
Олардың кем-кетік жерлерін көріп, өзіміздің кем-кетіп жерлерімізді көріп, құдай қаласа, Парижде үлкен жетістікке жету үшін бірден-бір оқу-жаттығу жиындарының бірі деп ойлаймын.
Сесар Ла Крус Хулио, олимпиаданың 2 дүркін чемпионы /Куба/:
Орталық Азия елдерінде бокс жақсы дамыған. Оның ішінде Қазақстан мен Өзбекстанды ерекше атап өтуге болады. Мұнда келген боксшылардың қай-қайсысы да мықты қарсылас. Барлығы олимпиада жолдамасын жеңіп алған мықтылар. Ал олармен бірге жаттығу бізге де оң әсерін берері сөзсіз.
Қаракөз Тұрмағанбет
Автор
Қаракөз Тұрмағанбет
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04