Жамбыл облысында балықшының денесі екі айдан кейін табылды
Жамбыл облысы, Жуалы ауданында екі айдан бері іздестіріліп жатқан екінші балықшының денесі табылды. Марқұмның мәйітін тұрғындар тауып алған. Қарабастау ауылының 37 жастағы тұрғынының денесін толқын айдап, жағаға шығарған. Қазір мәйітке сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр.
Ал өзімен бірге барған ауылдас ағасының денесі дрон көмегімен табылды. Құтқарушылар, ақпан айының аяғында іздеу жұмыстарын толық тоқтатты. Өйткені, айдынның бетіндегі қалың мұз кедергі болған. Еске салайық, 11 қаңтар күні ауылдың екі азаматы ауды тексеру үшін айдынға түседі. Сол сәтте, қатты жел басталып қайықтары аударылып қалған.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04