Атырауда нәресте ауруханада көз жұмды
Атыраудағы аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр жіті вирустық инфекциядан сәби көз жұмды. 1 жастағы бала бұған дейін 9-15 желтоқсан аралығында аталған инфекция бойынша және бронхит диагнозымен стационарда емделген. Тіпті, денсаулығы жақсарып, ата-анасымен үйге жіберілген. Бірақ екі күннен кейін дене қызуы жоғарылап, жөтел күшейіпті. Жедел вирусты инфекцияның ауыр өтуіне және өкпе қабынуының асқынуына байланысты нәресте 23 желтоқсан күні жансақтау бөліміне жатқызылған. Барлық реанимациялық шаралар өткізілгенімен, сәбидің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады дейді дәрігерлер.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04