Өскеменде балконнан адам құлады: Бала шырылдап жылап жатты
Өскеменде 5 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы бір пәтердің балконы опырылып, бір адам құлап кетті. Оқиға орнына келген жәдел жәрдем дәрігерлері биіктен құлаған тұрғынды ауруханаға жеткізді. Абырой болғанда оның ешбір жері жарақат алмаған.Балконнан құлаған әйел үйінде 6 айлық сәбиі қалғанын айтқан. Баланы үйдің ішіне кіріп, сол маңдағы кеңсе қызметкерлері құтқарған. Ал пәтердің есігін көршілері арнайы құрылғымен ашқан. Ал балконның неліктен құлағанын арнайы мекеменің мамандары анықтайтын болады. Дегенмен Өскеменде 70-80 жыл бұрын салынған, әбден тозған көпқабатты үйлер өте көп.
Диана Жағыпарова, қала тұрғыны:
Сол арнайы құралмен әйтеуір әупірімдеп 20 минуттың ішінде аштық. Бала шырылдап жылап жатты. Бала 6 айлық. Оны көтеріп алдық та, далаға лып шықтық. Сосын офиске алып келдік те ұстап отырдық. Суын бердік ойнаттық.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04