Президент экология мәселелері бойынша тапсырмалар берді
Президент Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді. Жиында экология және су қауіпсіздігі мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысының сөзінше, кеңес кезеңінен келе жатқан көптеген өндіріс орны, көмір жағатын электр станциялары мен қазандықтар экологиялық ахуалдың нашарлауына әкеп соқтырды. Сол себепті, Үкіметке ұлттық экологиялық стандарттарды әлемдік деңгейге сәйкестендіру, өндіріс орындарының зиянын азайту, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жөнінде бірқатар тапсырма берді. Жиын барысында, су қауіпсіздігі бойынша қауіп-қатер деңгейінің артып келе жатқаны айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев агро салада суды үнемді пайдалану қажеттігіне тоқталды. Үкіметке осы саладағы ғылыми және кадрлық әлеуетті күшейту тапсырылды.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04