Алматы облыстық сотының ғимараты карантинге жабылды
Талдықорғанда Алматы облыстық сотының ғимараты карантинге жабылды. Себебі 8 қызметкерден коронавирус анықталған. Қазіргі таңда ғимаратты залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Науқастар оқшауланып, дәрігерлердің жіті бақылауына алынды. Ал барлық істер онлайн форматта қаралып, сот отырыстары кейінге шегерілді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық Кодексінің 107 бабымен келіп түскен істер Талдықорған қалалық сотының ғимаратында қашықтықтан қаралады. Карантин 2 аптаға жалғасады. Айта кету керек Пандемия басталғалы облыстық сот осымен екінші рет жабылып отыр.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Читайте также
Все
SHARE Kazakhstan 2026 халықаралық форумы өтті
25.11.2026, 20:11
500-ге жуық көлік жуу орталығы су үнемдеу жүйесіне көшкен
25.11.2026, 20:09
Елордадағы LRT желісіне 20 жаңа станция салынады
25.11.2026, 20:08
Азаматтық кодекс – заң үстемдігінің негізі
25.11.2026, 20:07
«Мақат-Индербор-Сәтімолла» теміржолының құрылысы басталды
25.11.2026, 20:06
Сыңғырлау ауылына 40 жылда алғаш рет асфальт жол төселді
25.11.2026, 20:05
Brexit: Ұлыбритания ЕуроОдаққа қайта қосыла ма?
25.11.2026, 20:05
Бюджеттік мекемелердің энергия үнемдеу жолдары заңмен бекітіледі
25.11.2026, 20:05