Қазақстанда 10 мұнай-газ учаскесі онлайн-аукцион арқылы сатылады
Биыл карантинге байланысты елде 10 мұнай-газ учаскесі онлайн-аукцион арқылы сатылады. Бұл учаскелер Сарайшық, Үштаған, Қошалақ, Бестерек, Сағыз, Қарабауда және 4 аймақта орналасқан. Олардың жалпы ауданы 29 мың шаршы км.
Аукционға қатысу үшін 277 мың теңгеден аса жарна төлейсіз. Электрондық сауда-саттық 23 желтоқсанда өтеді. Жеңімпаздар зерттелмеген аумақта 1-2 ұңғыма қазуға және мұнай қоры бар жерлерде өндіру көлемін арттыруға міндетті. Әзірге қатысуға 30-дан астам өтініш түсті.
Қайырхан Тұтқышбаев, ҚР Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры:
-Аукцион мемлекеттік реестр порталы арқылы жүзеге асырылатын болады. Заңнамаға сәйкес, барлау және өндіруге арналған келісім шарттар 6 жылға дейін беріледі. Ал өндіруге арналған келісімшарттар 25 жылға дейін беріледі.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04