Еділ Құсайынов – қазақтың музыкалық көне аспаптарын шебер меңгерген сазгер, фольклор зерттеушісі. Ол жетіген, сыбызғы, сазсырнай, қамыс сырнай, шаңқобыз аспаптарымен қатар көмеймен ән айтудың әзірше теңдесі жоқ жалғыз шебері.
Әнші оқуды аяқтап, «Отырар сазы» оркестрінде қызметте жүрген шағында музыка зерттеушісі Болат Сарыбаев кішкентай ғана сазсырнай аспабын сыйға тартқан. Симфониялық оркестрде жүрген жас музыкант «жұдырықтай сазсырнайдан қандай әуен шығуы мүмкін» деп таң қалғанын, әуелі менсінбегенін айтады.
«Кейін құйқылжыған тылсым дауысын естігенде менің өмірімнің арнасы өзге бағытқа бір сәтте бұрылып сала берді»,-дейді композитор Еділ Құсайынов.
Ұлттық музыка өнерін насихаттап жүрген әншінің «Ғасырлар сазы» атты шығармашылық кешін бүгін Ұлттық арнадан сағат 13:15-те көре аласыздар.