Астанада «Алашұлы» тобының шығармашылық кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Алашұлы» тобының шығармашылық кеші өтеді

01.05.2018

29 тамызда Астанада «Алашұлы» тобының шығармашылық кеші өтпек.  Осыған орай топ мүшелері «Таңшолпанда» қонақта болып, жаңалықтарымен бөлісті.

«Жоспарлап отырған кешіміз ерекше форматта өтеді. Этно бағыттың түрлі нұсқаларын қарастырып жатырмыз. Жаңа әндер жазылып, жаңа шоу, билер, түрлі трюктер қойылып жатыр. Астаналықтарға үлкен шоу ұсынбақпыз»,-дейді топ мүшелері.

Сондай-ақ, Астананың 20 жылдығына орай топ «Гүл Астана» атты ән жазып шыққан.

Сұхбат барысында топтың ерекше стиліне тоқталған әншілер:

«Топты құрған кезде, атауын ойластырған кезде де ұлттық нақыш, патриоттық әндер, этно стиль бағытында топ құруды ойластырып жүргенбіз. Бізге ешкім ұлттық нақышта топ құр демеді. Бұл стиль өздігінен қалыптасып кетті. Этно-поп стиліндегі әндерге сұраныс жоғары. Тіпті соңғы кездері түрлі семинар-тренингтердің ашылу-жабылу салтанаттарында  біздің әндер қойылады екен. Бұл біз үшін жаңалық болды»,-дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу