Қазақ радиосы «Әскери әндер» радиофестивалін өткізді (БЕЙНЕБАЯН) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ радиосы «Әскери әндер» радиофестивалін өткізді (БЕЙНЕБАЯН)

30.11.2014
Қазақ радиосы «Әскери әндер» радиофестивалін өткізді (БЕЙНЕБАЯН)

Астананың аспанында әскери әндердің әуені қалықтады. Қазақ радиосы мен Қорғаныс министрлігі бірлесіп, «Әскери әндер» радиофестивалін өткізді.

Ақиқатын айтсақ, соңғы жылдары қазақ армиясының репертуары өте жұтаң тартып, патриоттық әнге шөліркеп келген еді.

Қазақ радиосының жігерді жанитын, отансүйгіштікке баулитын әндерге байқау ұйымдастыруы да осы олқылықтың орнын толтыру еді.

Әскери әндердің сүбелісін таңдауға белгілі композиторлардан бастап, ауыл-аймаққа ғана аты шыққан әнші-жыршы ағайынға дейін қатысты.

Фестиваль 9 ай бойы жүрді. Эфирден 200-ден астам ән шырқалды. Ал, соңғы түйін - концертте ең таңдаулы деген 15 туынды халық назарына ұсынылды. Өнерпаздар 4 номинация бойынша марапатталды.

 

Хабарламаларға жазылу