Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы қатты ысиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы қатты ысиды

29.06.2015
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы қатты ысиды

Республиканың солтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысы мен орталығында ауа райы ашық болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейуі ықтимал.

Жамбыл, Атырау Қостанай облыстарының кей жерлерінде, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, найзағай ойнайды, деп күтілуде.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап,  күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеймек.

Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнайды.  Маңғыстау облысының  кей жерінде  түнде және таңертең  тұман болуы мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа жетіп, шаңды дауыл көтеріледі.

Павлодар, Қарағанды облыстарында күндіз желдің күші  15-20 м/с-қа жетеді.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық сақталады.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан,  Жамбыл, Ақмола,  Қарағанды , Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде  қатты ыстық болады.

 

Қазгидромет

 

Хабарламаларға жазылу