Демалыс күндері ыстық ауа райы сақталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Демалыс күндері ыстық ауа райы сақталады

07.07.2017

Алдағы демалыс күндері еліміздің басым аймақтарында ыстық ауа райы сақталады. Орталық Қазақстанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік өңірлердің кей бөлігінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, жел тұрады. Шығыс Қазақстанда да осындай ауа райы болады, ауа температурасы 24-27 градуқа дейін көтеріледі. Оңтүстік аймақтарда жауын шашынсыз, күндіз 34-37, ал, түнде 22-24 градусқа дейін ысиды. Батыс Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, термометр бағаны 23-27 градус ыстықты көрсетеді деген болжам бар.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу