Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің жауынгерлері, Беларусь Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Америка Құрама Штаттарының арнайы мақсаттағы жасақтары 5 күн бойы өзара сайысатын болады.
Еске сала кетейік, 2013 – 2014 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жауынгерлері екі мәрте осы байқаудың жеңімпаздары атанған болатын.