Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің терроризмге қарсы бірлесіп өткізген оқу-жаттығуы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің терроризмге қарсы бірлесіп өткізген оқу-жаттығуы аяқталды

27.06.2019

Бүгін Қарағанды облысындағы «Спасск» полигонында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің терроризмге қарсы бірлесіп өткізген оқу-жаттығуы аяқталды. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің құзырлы органдары мен әскерилері қатысты. Оқу-жаттығу терроризммен күрес, оның алдын ал мақсатында жасалып отыр. Арнайы мамандар қарулы күштерге төтеп беруде соңғы әдіс-тәсілді пайдалануды үйренді. Аталмыш шара мейлінше шынайы ұйымдастырылып, оған жүздеген техника жұмылдырылды.

 

Хабарламаларға жазылу