«Айбын-2019» жас сарбаздар жиыны басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айбын-2019» жас сарбаздар жиыны басталды

19.06.2019

Әскери патриоттық тәрбие беру арқылы бәсекеге қабілетті, отансүйгіш жастар корпусын қалыптастыру. Жастар жылына орайластырылған осындай шаралардың бірі «Айбын» әскери патриоттық жиыны. Бесінші жыл қатарынан өтіп жатқан шараның ашылуы салатанатына биыл Президент, Жоғарғы бас қолбасшы Қасым Жомарт Тоқаев қатысуда.

Президент бәсекеге қабілетті жастар тәрбиелеуде мұндай әскери патриоттық шаралардың маңызды екенін айтты.

Қарағанды облысындағы Спасск оқу жаттығу орталығында өтіп жатқан жиынға он төрт пен он жеті жас аралығындағы 700-ге жуық сарбаз қатысуда. Оның ішінде орта мектептер мен мамандандырылған әскери мектептердің және әскери бөлім жанынан ашылған жас сарбаздар клубының өкілдері бар. Олар бір апта бойы әскери өмірдің қыр сырымен танысып, түрлі бағыттар бойынша өзара мықтыны анықтайды.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу