«Спасск» оқу-жаттығу орталығындағы «Айбын» әскери-патриоттық жиыны ертең қорытындыланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Спасск» оқу-жаттығу орталығындағы «Айбын» әскери-патриоттық жиыны ертең қорытындыланады

12.06.2015
«Спасск» оқу-жаттығу орталығындағы «Айбын» әскери-патриоттық жиыны ертең қорытындыланады

Қарағанды маңындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында жастар арасында өтіп жатқан алғашқы республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жиыны аяқталуға жақын.

Бүгін жарысқа қатысушылардың ұрыс даласындағы іс-қимыл дайындықтары сыналды.

Мәселен, қатысушылар айналасы 15 минуттың ішінде бір адамдай окоптарды жылдам, әрі тиянақты етіп қазып шығуы керек.

Тапсырма әскери оқу орындарының курсанттарына да, оқушыларға да бірдей. 800-ден астам ұлан бірнеше күн бойы күш-қайратын шыңдауда.

Ал, ертең  - жиынның соңғы күні. Шараның салтанатты жабылу рәсіміне ҚР Қорғаныс министрі қатысады.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу