«Айбын» әскери-патриоттық жиынына 52 бойжеткен қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айбын» әскери-патриоттық жиынына 52 бойжеткен қатысады

13.06.2016
«Айбын» әскери-патриоттық жиынына 52 бойжеткен қатысады

Ертең Қарағанды облысына қарасты «Спасск» оқу-жаттығу орталығында «Айбын» екінші республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны басталады.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған жиынға әскери-патриоттық клубтардың, республикалық (облыстық) мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері, жоғарғы оқу орындарындағы әскери кафедралардың студенттері қатысады.

Биылғы жылы осы іс-шараға алғаш рет жоғары оқу орындарының әскери кафедраларынан 52 қыз бала қатысады. Қазақстанның барлық аймағынан шараға 800-ден аса адам қатысады деп жоспарланып отыр. Аталған жиын барысында әскери-қолданбалы спорт түрі және жауынгерлік даярлық, әскерилендірілген ойындар, сондай-ақ интеллектуалдық байқаулар мен басқа да жарыстар өтеді.

Биыл әскери-патриоттық жиынның бағдарламасына жаңа өзгерістер енгізілді. Өткен жылмен салыстырғанда әскери-спорт түрі бойынша жарыстар саны екі есеге азайды. Сонымен қатар жас буынның зияткерлік және интеллектуалдық қабілетіне ерекше назар аударылатын болады. қатысушылар өздерінің дене машықтарын толық көрсетуі қажет.

Әскери-патриоттық жиында «Менің роботым» байқауы бойынша әр топ робот үлгілері мен роботталған жүйенің үлгілерін, сондай-ақ ұшу аппараттарының жобаларын көрсетеді.

«Айбын» жиынына қатысушылар еліміздегі танымал тұлғалармен таныса отырып еліміздің қалыптасуы туралы қысқа метражды фильмдер фестивалінде өз таланаттарын көрсете алады. Бұдан өзге, көрсетілім сабақтарында қару-жарақ, әскери техника мен жабдықтар, «Арлан», «Номад» броньды транспортерлері, командалық-штабтық машиналардың жаңа үлгілері көрсетіледі.

Хабарламаларға жазылу