«Қара пима» қойылымының тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қара пима» қойылымының тұсаукесері өтті

04.03.2014
«Қара пима» қойылымының тұсаукесері өтті

Өскемендегі облыстық Жамбыл атындағы драма театрында «Қара пима» қойылымының тұсаукесері өтті. Еліміз бойынша тұңғыш рет сахналанған трагедиялық драманың режиссері - Айдын Салбанов. «Қара пима» поэмасының авторы - белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет.

 
Тоқсаныншы жылдардың соңында композитор Алтынбек Қоразбаев бұл шығарманы толғауға айналдырып, саз жазған болатын. Бұдан соң бұл ән Алма Аманжолованың орындауында халыққа жетіп, тыңдарманның сай-сүйегін сырқыратқан еді.
 
Спектакль айрандай ұйыған берекелі отбасының шаңырағы шайқалып, отанасыз қалуы туралы көрініспен басталады. Одан кейін маскүнем әкенің, қамкөңіл баланың өксікке толы өмірі өрнектеледі.
 
 Құрбанкүл Әбдукәрімова, Өскемен қаласының тұрғыны:
Боранның ішінде жүргендей болдым ба, ана баланың жетім қалғанын аяйсың. Біздің басымыздан да талай нәрсе өткен ғой, жылап отырдым. Аяқталғанда да әрең тоқтадым, көзіме жас келе береді.
 
Ұлықбек Есдәулет, ақын, «Қара пима» поэмасының авторы:
Басқа бір жанрда жалғасын тауып жатса, жаңа биікке қанат қағып жатса, оған автордың жанкүйерлікпен қарайтыны анық қой. Осы шығарманың сахна төріндегі өмірі ұзақ болуын тілеймін.
 
 
Берік КӨШЕРБАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу