Ақын Ұлықбек Есдәулет «Таңшолпанның» төрінде (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Ұлықбек Есдәулет «Таңшолпанның» төрінде (ВИДЕО)

05.10.2017

Ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулет бағдарлама қонағы болды.

«Бүгін - қазақтың ұлы тұлғалары Жұбан Молдағалиев пен Шона Смаханұлының туған күні. Ол кісілермен жақсы араластым деп айта алмаймын. Бірақ Шона ағамызбен қызметтес болдым. Жазушылар баспасының поэзия редакциясында бір бөлмеде отырған кезіміз болды.

«Шонаны жерлеу» деп аталатын естелік мақала жазған болатынмын. Сатира саласында оның үлкен еңбегі ұмытылмайды. Кеңес заманында «қазақ мектебін ашу керек» деп ұмтылып, мектеп ашуға мұрындық болған.

Ақын Жұбан Молдағалиевтің еңбегін де атап кетпеуге болмайды. Ақындық, қайраткерлік дауысымен ұлттың бет келбетін танытқан азамат. Кеңес заманында қыспақта жүрген елдің рухын көтерген кісі», - дейді ақын.

Хабарламаларға жазылу