Елбасы ұсынысы қызу талқылануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы ұсынысы қызу талқылануда

08.02.2014
Елбасы ұсынысы қызу талқылануда
Мемлекетімізді «Қазақ елі» деп атау туралы Елбасының пікірі қазір жан-жақты талқыланып жатыр. Осыған қатысты әр азамат өз ұстанымын білдіруде. Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ұлықбек Есдәулет те бұл пікірді қостап отыр.
 
Ұлықбек Есдәулет, ақын:
«Қазақ Елі» деген ұсыныс негізінде жаны бар ұсыныс. О, баста Тәуелсіздігіміз орнаған кезде біздің Конституция қабылданып жатқан кезде Қазақ Республикасы деген атау ұсынылған. Біздің депутаттардың ішінен біз көп ұлтты халықпыз, сондықтан Қазақстан Республикасы болсын, деген білгіштер шығып, сол сөздер өтіп кеткен. Ал енді одан бас тартайық дегенге жан-тәнімізбен қосылуымыз керек. Оны қай түрде Қазақ елі, Қазақ Республикасы, Қазақия дейміз бе, келісіп пішкен тон келте болмайды, дейді.
 
Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу