23 маусым – полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай бүгін таңғы бағдарламада Астана станциясындағы Ішкі істер Желілік басқармасы басшысының орынбасары, полиция майоры, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Талғат Қожабаев қонақта болды.
«Бізде түрлі іс-шаралар өтіп тұрады. Ондағы мақсатымыз – қоғамның полицейлерге деген сенімін арттыру. Аптасына бір рет қызметтік даярлық сабақтары өтіп тұрады. Бүгінде заңдар да көп өзгеріп жатыр.
Соған орай сынақтар аламыз. Қызметкерлеріміз Астана қаласының әуежайы мен теміржолындағы қоғамдық тәртіпті сақтау, жолаушылардың құқығын қорғау мақсатында жұмыс істейді»,-дейді Талғат Қожабаев.
«Бүгінде біздің мамандыққа деген жастардың қызығушылығы артып келеді. Ішкі істер министрлігінің Қарағанды, Семей, Алматы, Қостанай қалаларында оқу орталықтары бар. Қазір соған үміткерлерді дайындап жатырмыз. Олар төрт жыл тегін оқытылады. Негізгі талап – спортқа жақын, білімді, төзімді болуы керек».
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.