ҚР Қорғаныс министрлігінде әдеп бойынша уәкілетті тұлға тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Қорғаныс министрлігінде әдеп бойынша уәкілетті тұлға тағайындалды

21.05.2016
ҚР Қорғаныс министрлігінде әдеп бойынша уәкілетті тұлға тағайындалды

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің этика нормалары мен мінез-құлық ережелерін әрі қарай жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің Жарлығын орындау барысында мемлекеттік қызметкерлердің кодекс нормаларын сақтауын қадағалау үшін әдеп бойынша уәкілетті тұлға тағайындалды, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров ҚР Қорғаныс министрлігінде әдеп бойынша уәкілетті лауазымды тұлға болып тағайындалды. Қазақстан Республика мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексі қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметке деген жоғары мәдени қарым-қатынасты қалыптастыруға және мемлекеттік қызметкердің әдепсіз қылықтарын ескертуге бағытталғанын айта кеткен жөн. Сыбайлас жемқорлық - қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі. Оны шешу мақсатында еліміздің Қорғаныс министрлігі нақты шаралар қатарын іске асыруда. Дегенмен, күресте барынша талап етілетін тәсіл ол кешенді жұмыс жасау арқылы қорғаныс ведомствасын, күштік құрылымдарды, сот, құқық қорғау және арнайы органдардың бірлескен әрекетін күшейту болып табылады. Бұл бағытта алғашқы қадамдар да жасалды.

Өткен жылдың соңында Қорғаныс министрлігінің, Бас прокуратураның, ҚР Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және ҚР Ішкі істер министрлігінің  асшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша меморандумға қол қойды.

Хабарламаларға жазылу