Оңтүстік Қазақстан облысында «Машат-Арасан» сауықтыру лагері ашылды
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданындағы Машат өзенінің шатқалында 300 балаға арналған «Машат-Арасан» емдеу-сауықтыру лагері ашылды.
Бес гектар аумақты алып жатқан бұл лагердің қайта жөндеу және жаңа ғимараттар салу жұмыстарына 100 миллион теңге жұмсалған. Бүгінгі таңда сауықтыру орталығында елуге тарта адам жұмыс істеуде.
Лагерь жатын бөлме, асхана, заманауи спорт алаңы, мәдени-сауықтыру алаңы, әкімшілік бөлмелерден тұрады. Аталған демалыс аймағына еліміздің барлық аумағынан балаларды қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда Атырау облысынан 300 бала демалуда.
«Машат-Арасан» емдеу-сауықтыру лагері - Түлкібас ауданында ашылған 10-шы лагерь. Бүгінде ауданда екі мемлекеттік, жеті жекеменшік демалыс орны жұмыс істеуде.
otyrar.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09